Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Алтынбекова Гульмира Тойлыбековна

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «Балапан»  бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны меңгерушісі

 

Алтынбекова Гульмира Тойлыбековна, 1974 жылдың 10 тамызында   Қызылорда қаласында  дүниеге  келген.

1989  жылы №233 орта мектепті  8 сыныптан аяқтап, осы жылы М.Маметова атындағы педагогикалық училищесін оқуға түсті. 1993 жылы  бітіріп, мектепке дейінгі ұйымның логопедтік топтарының тәрбиешісі  мамандығын  алған.

23.09.1993 - 01.07.1996 жылдар № 33 «Светлячок» балалар бақшасында тәрбиеші қызметін атқарды.

28.07.1996 – 16.04.1998 жылдар аралығында № 8 «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші. Осы жылдарда №4 «Қуаныш» балбақшасында «Step bay Step» бағдарламасы бойынша координатор-менеджер қызметін қоса атқарды.

16.04.1998-2002 жылдар аралығында №23 «Жауқазын» бөбекжай балабақшасында әдіскер. Осы 1998 жылы сырттай "Орталық-Азия" университетін педагогика-психология мамандығы бойынша оқуға түсіп,                2001 жылы бітіріп шықты.

17.09.2002 жылдан -  арнайы түзету-оңалту мектеп интернатында логопед, 01.09.2004-01.09.2008 жылдар аралығында №198 орта мектепте  педагог-психолог қызметін қоса атқарды. 01.09.2008-02.11.2015 жылдар аралығында осы мектепте  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

03.11.2015 – 17.09.2019 жылдар  аралығында  «Сыр дидары» балабақшасы меңгерушісі.

17.09.2019 жылдан бастап ауыстыру тәртібімен «Балапан» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Балабақша меңгерушісі Алтынбекова Гульмира Тойлыбековна жаңа заманауи талаптарға сай тәрбие мен оқыту жұмысын жандандырып, балабақшаның материалдық техникалық базасын жыл сайын толықтыруда.  Сонымен қатар балабақшаның есеп-қаржылық, әдістемелік, медициналық, өндірістік-шаруашылық жұмыстарына көңіл бөліп, еңбек етудің тиімді жолдарын  ұйымдастырып, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды