Еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, өзіндік үлесін қосып келе жатқан тәрбие орталығының бірі - «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
№93 «Балапан» балабақшасы 1991 жылы Батыс Қазақстан темір жолына қарасты болып ашылды. Сыйымдылығы 280 орынға арналған типтік ғимарат. Қызылорда қаласының Белкөл кентінде орналасқан.
1991-1996 жыл аралығында балабақшада 12 топ жұмыс жасап, 6 тобы қазақ тілінде, 6 тобы орыс тілінде тәрбие мен оқыту жұмысын жүргізді.
1996 жылдың 31 желтоқсанында №1737 бұйрығымен балабақша Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің балансына өткізілді. Осы жылдан бастап тәрбие мен оқыту жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуде.
2016 жылы балабақша - «Белкөл кенті әкімінің аппаратының «Балапан» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. Қазіргі кезде балабақша 6 – топтық, онда 140 бала тәрбиеленуде. Балалар жас ерекшеліктеріне сай бөлінген.
«Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» деген сөз бекер айтылмаған. Балабақшаны алғаш ашылғаннан бастап, 22 жыл бойы(1990-2012 жылдар аралығында) меңгеріп, зейнетке шыққан меңгерушісі Усербаева Райхан Файзуллақызының еңбегі орасан зор. Ол кісінің басшылығымен жұмыс жасай отырып, балабақша – тәрбиенің алтын діңгегіне айналды. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде түрлі семинарлар өткізіп, жоғары деңгейден көріне білді.
2012 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың қыркүйек аралығында меңгеруші Ахметова Мейрамкүл Әбдіғаппарқызы өзінің біліктілігі мен білімін ортақтастыра балабақшаның жоғары деңгейден көрінуіне ат салысты.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап тағайындалған меңгеруші Алтынбекова Гульмира Тойлыбековна қазіргі таңда балабақшаның заман талабына сай қойылған мақсаттарын ескере отырып, сапалы жаңашыл бағытта білім беру үдерісін жүзеге асырып келеді.
Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.
Балабақша меңгерушісі Гульмира Тойлыбековна жаңа заманауи талаптарға сай тәрбие мен оқыту жұмысын жандандырып, балабақшаның материалдық техникалық базасын жыл сайын толықтыруда. Сонымен қатар балабақшаның есеп-қаржылық, әдістемелік, медициналық, өндірістік-шаруашылық жұмыстарына көңіл бөліп, еңбек етудің тиімді жолдарын ұйымдастырып, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.
Тәрбиенің тал бесігі балабақша табалдырығынан басталады. Ізгілік пен парасаттылықты, тағылымды тәрбие мен білімділікті бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде балабақша ұжымының өзіндік орны мен үлесі қомақты.
Балабақшада тәрбие мен оқыту процесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Балабақшаның жалпы мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиеле мен оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық салт-дәстүрлерге және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген париотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу , сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік дайындығын қалыптастыру болып табылады.
«Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білетін адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білу керек. Баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу керек» деген Ахмет Байтұрсынұлының пікірін басшылыққа алған балабақша педагогтары тынымсыз іздене жүріп, қазіргі заманға сай жан-жақты жетілген құзыретті жеке тұлға тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуде.
Іргелі ұжымда тәжірибелі педагогтар, мектепке дейінгі білім беру саласының үздік те танымал қызметкерлерімен қатар, жас мамандар да еңбек етеді. Олардың әрқайсысы да өз ісіне адал, бала десе бар дүниені ұмытатын ізгі жандар.
Балабақшаның әдістемелік қызметі – ұтымды әдіс-әсілдер мен мазмұнды жұмысты жаңарту жолында жылдық міндеттерді іске асрыу жүйесінің бағытын белгілеп отырады.
Балабақша педагогтары осы бағытта педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда. Педагогикалық ұжым өз білімдерін әрқашан жетілдіріп отырады.Түрлі бағыттағы: ТРИЗ технологиясы, АКТ, ойын технологиясы бойынша сертификаттарға ие.
Балабақшада талай іскер мамандарды, еңбек озаттарын, дәрігерлер мен мұғалімдерді тәрбиелеген тәжірибелі педагогтар бар. Әр тәрбиешінің педагогикалық әдісін шыңдау, олардың алысқа самғап ұшуына қол ұшын беру, шығармашылық қабілеті мен білімін, іскерлігін арттыру әдіскерге байланысты. Балабақшамыздың әдіскері Саутбаева Орынкуль Мадиевна 30 жыл осы салада қызмет жасап келе жатқан тәжірибелі маман. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосқан ұстаз тәрбиешілер: Орынбаева Тазагүл, Мусаева Гүлнар, Шукбарова Гульфайруз, Сарсенова Айнур, Ибадуллаева Саракул, Нургалиева Нургул, Махатова Гүлжан,Тілеуберген Айман, Талқанбаева Нұргүл жүйелі жұмыс жүргізуді басты назарда ұстайды.Балалардың шығармашылығын шыңдауда музыка жетекшісі Дайрханов Пайзрахманды ата-аналар әркез құрметпен ауызға алады. Ал балабақша психологы Куразбаева Оразкүл балалардың қабілеттерін ашу үшін, ата-аналар мен балабақша арасындағы қарым-қатынастың берік болуы үшін аянбай еңбек етуде.
Талмай үнемі ізденіс үстінде жүретін жас мамандар: Куренова Лейла, Пишембиева Асел, Ибрагимова Айгул, Жуманова Бағила, Аширбаева Нурбакыт, Сағымбай Нұржан, Мырзабаева Акбота жастық жігерімен, жаңашылдықтарымен бала тәрбиесіне өз үлестерін қосуда.
Сонымен қатар, балалардың денсаулығын сақтауда өз міндетін аса жауапкершілікпен атқарып жүрген балабақша медбикесі Еңсепова Үрләйімнің орны ерекше. Ол балалардың күнделікті денсаулығын бақылай отырып, ата-аналарға дәрігерлік кеңес береді.
2013 жылы балабақшаның педагогикалық әдістемелік шығармашылық жұмыстарын бағалап, Қызылорда әдістемелік оқу орталығының қолдауымен «Педагогикалық шеберлік орталығы» тақырыбында сертификат берілді.
2015 жылы 23 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мектепке дейінгі ұйымдарда Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасын сынақтан өткізу, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану» бойынша республикалық семинар болды. Семинар барысында әр облыстан үздік тәжірибелі балабақшалар сынақ алаңдарына алынды. Қызылорда қаласынан 5 балабақша таңдалды, міне сол бестік сынақ алаңының бірі «Балапан» бөбекжай балабақшасы болды.
Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялармен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жаңа стандарт негізінде жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрғандықтан, біздің педагогтарымыз өз білімі мен кәсіби деңгейін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жетілдіреді. Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымыз.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламадан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады. Біздің балабақшамызда осындай интерактивті тақтамен жабдықталған. Және заманауи «Сиқырлы қалам», «Ақылды балапан» электронды ойыншықтары да интерактивті тақтаға қосылып, балалардың қызығушылығын арттырып, логиканың, ойлаудың, сенсорлық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді. Логопедтік пункттегі «Логопедтік Шхуна» интерактивті комплексі балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және мектепке оқуға барғанда кездесетін қиындықтардың алдын алуға бағытталған. Балабақша педагогтарының шығармашылық жұмыстарының әртүрлі әрекет түрлерінде қызықты ойындар жинақтарында: Ф.Фребельдің әдістемелік құралындағы балаларға арналған ойын сабақтары, Дьенеш блогы, Кюизенердің таяқшалары, Зайцевтің әдістемесін және кубиктерін қолданады, сонымен қатар балалардың танымдық – зерттеушілік, коммуникативтік қабілеттерін дамытуда «Туған жер» бағдарламасы аясында «Менің елім, менің жерім» және мектепке дайындау бағытында «Білгірлер бекеті» авторлық бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балалардың денсаулығын нығайту барысында «Қызықты жаттығулар» степ - аэробика үйірмесі, күннің екінші жартысында «Су Джок», «Музыка» терапиясы жүргізілуде.
Балабақша ұжымы «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағиданы басты назарда ұстайды. Ұжымдағы ауызбіршілік пен татулықтың арқасында балабақшаның жұмысы ақсамай, республика, облыс, қала бойынша алдыңғы қатарлы балабақша ретінде көптеген жетістіктерге жетіп отыр.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.



